
2024 жылғы 15 қазанда біліктілік деңгейін бере отырып, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаттарын беру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға облысымыздың медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты, соның ішінде:
"Облыстық клиникалық аурухана"ШЖҚ КМК
"Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы"ШЖҚ КМК
"Қарағанды қаласының №2 көпсалалы ауруханасы"ШЖҚ КМК
"Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы"ШЖҚ КМК
"Қарағанды медициналық университеті" КЕАҚ
Кеңес барысында өзекті проблемалық мәселелер талқыланып, сертификаттар беруге өтініш беру кезеңдері бойынша түсініктемелер берілді. Бұл аймақтағы мамандардың біліктілігін арттыру және медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін маңызды қадам.
Барлық қатысушыларға белсенді талқылау үшін алғыс айтамыз!