
Департамент Балқаш қаласының жеке дәріхана бизнесінің өкілдерімен кеңес өткізді, тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу кезінде проблемалық мәселелер көтерілді.
GPP стандартының негізгі қағидаттары: тиісті сападағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды босату; дәрілік заттардың қасиеттері мен тиісінше қолданылуына қатысты шынайы және объективті ақпарат беру, дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуы және оларды дұрыс пайдалану, фармакотерапия мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерімен кәсіби өзара іс-қимыл жасау, фармацевтикалық қызметтерді тиісінше ұсыну болып табылады.
01.10.2024 ж Қарағанды облысында 481 жұмыс істеп тұрған дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде GPP стандартының талаптарына 106 объект (GPP сертификатын ұстаушылар) сәйкес келеді, бұл жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 22% құрайды. Сондай-ақ сертификат ұстаушылар тізілімінде 2 GMP ұстаушы, 6 GDP ұстаушы бар. 2024 жылдың 9 айында 30 өтініш келіп түсті, 28 инспекция жүргізілді, оның ішінде GPP талаптарына сәйкестігіне 37 сертификат берілді, 1-инспекция тоқтатылды.
Сондай-ақ дәріхана ұйымдарына фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын алу түсіндірілді.
- Балқаш қаласының фармацевтикалық ұйымдарының басшылары өз объектілерінде тиісті фармацевтикалық практика стандартын енгізуді жандандыруы қажет - деп атап өтті фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Роза Егембердиева.