
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 16 қыркүйекте Департамент базасында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің бақылау-қадағалау функциялары жүктелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік аппараттың белсенді ұстанымы және оның көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәселелері талқыланды.
Ақпараттық-ағарту пулының спикері Б. Жумабековпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2020-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамалары түсіндірілді, ол халықтың барлық топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері өз құзыреті шегінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша жүзеге асыратын қызмет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру-адамның адамгершілік, зияткерлік, мәдени дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі.
Департамент қызметкерлері семинар-кеңеске белсенді қатысты, спикерге сұрақтар қойды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.