
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, сондай - ақ Департаменттің ведомстволық мадақтамалары өз иелерін-ел игілігі үшін өз қызметін адал атқаратын Департамент қызметкерлерін тапты.