Токболатов Нурлан Зейноллаевич марапатталды

Токболатов Нурлан Зейноллаевич марапатталды

Медицина қызметкері Күнін мерекелеу қарсаңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" ведомстволық наградасымен Департаменттің бас маманы Токболатов Нурлан Зейноллаевич  марапатталды.
Ол өзінің медициналық еңбек қызметін 1993 жылы бастады. Содан бері ол өзінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру және жетілдіру үшін үнемі жұмыс істейді. Әріптестер арасында құрметке ие. Азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті.
Донор болып табылады және тізілімде тұрады.
Нормативтік-құқықтық актілерге және медициналық қызметтер (көмек) көрсету стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Ауыр науқастарды басқару және емдеу тактикасын шешу бойынша бірлескен консилиумдарға қатысады.
Облыс аумағындағы өлім жағдайлары бойынша, оның ішінде пациенттердің құқықтарын кідіріссіз талқылауды және қалпына келтіруді талап ететін резонанстық жағдайлар бойынша тексерулер жүргізеді.