
13 маусымда «Медицина қызметкері Күнін» мерекелеу қарсаңында «МСАК көшбасшысы» байқауының қорытындысы шығарылды, ол Қарағанды облысының аумағында МСАК медициналық ұйымдары арасында өткізілді. Конкурсты міндетті медициналық сақтандыру қоры және оның аумақтық филиалы ұйымдастырды.
Жеңімпаздарды таңдауда медициналық көмектің сапасын арттыруға, шағымдар санын азайтуға бағытталған индикаторларды бағалау маңызды критерий болып табылады. Сондай-ақ пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысы (бұдан әрі- ПҚІАҚ).
Қазылар алқасының мүшесі болған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ольга Смирнова, қысқа уақыт ішінде - ПҚІАҚ емхана деңгейінде жұмысты ұйымдастыру кезінде бір ай ішінде басым мақсаттар мен міндеттерді айқындау, сондай-ақ, барлық құрылымдық бөлімшелердің бір мезгілде жүргізіліп жатқан кең ауқымды түсіндіру жұмыстарымен нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы, халықтың шағымдарын төмендетуге қол жеткізуге болатынын көрсетіп, атап өтті.
Қазіргі уақытта басты міндет пациенттердің мәселелерін осы жерде және қазір шешуге бағытталған.