Дәрілік заттарды міндетті таңбалауды енгізу туралы

Дәрілік заттарды міндетті таңбалауды енгізу туралы

Бүгін "Атамекен" ӨКП-да дәрілік заттарды міндетті таңбалауды енгізу мәселелеріне арналған Қарағанды облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, оның ішінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшылары, сондай-ақ фармацевтикалық бизнес өкілдері қатысты. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің басшысы Геннадий Жмук төрағалық етті.
Отырыс барысында ДЗ міндетті таңбалауды енгізудегі нюанстарға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Барлық проблемалық сәттер бақылауға алынды және болашақта пысықталатын болады.