Жалған атты - стоматологтың тәжірибесінің аяқталуы

Жалған атты -  стоматологтың тәжірибесінің аяқталуы

Қарағанды облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметкерлері Әлихан Бөкейхан ауданында дәрігерлік қызмет көрсеткен тіс дәрігерінің заңсыз қызметінің жолын кесті

                                                                                 

Шет ауданының тұрғыны Департаментке дәрігерге шағыммен өтініш берді. Әйел тіс дәрігері оған сапасыз медициналық қызмет көрсеткенін мәлімдеді.

Департамент ұйымдастырған тексеру барысында мыналар анықталды: бұл «маманда» медициналық қызметке лицензиясы мен маман сертификаты жоқ. МФБКД мамандарының айтуынша, «стоматолог» олардың тексеру қызметіне барлық жағынан кедергі келтіруге тырысты. Құжаттарды беруден бас тартты, өзін қисынсыз және дөрекі ұстады. Тексерушілерге ҚР ӘҚБтК 462-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға тура келді. Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «жасырын» стоматолог мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру нәтижелері бойынша заңсыз медициналық қызмет үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарын алғанға дейін қызметін тоқтата тұру туралы нұсқама берілді.