Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру

Сәрсенбі, 15 мамыр күні, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп "Тексерулердің тәртібі мен негіздерін түсіндіру" тақырыбына жаппай құқықтық білім беру өткізді. Жаппай құқықтық білім беру диалог форматында жүргізілді, онда даулы сұрақтар қойылды және талқыланды, оларға толық жауаптар берілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" заңға сәйкес тексерулерді тағайындау және оларды тіркеу мәселелерін зерделеу.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңына қол қойды.

Реформа шеңберінде Кәсіпкерлік кодексіне ағымдағы жылдың басынан бастап заңды күшіне енген өзгерістер енгізілді. Түзетулер тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне қатысты болды.

Кәсіпкерлік кодекстің өзгерістеріне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне бақылау профилактикалық бақылау, тексеру және тергеу түрінде жүзеге асырылады.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырудың жоғары деңгейін және болашақтағы жұмысқа орасан зор практикалық пайдасын атап өтті.