
3 мамыр жұма күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сабина Нағметуллина Қарағанды облысының мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған "Қызметті алушы күні" іс-шарасына қатысты.
Іс-шараны өткізу алаңын «Қарағанды қаласының №3 емханасы» КМК ұсынды. "Қызметті алушы күні" мамандар мен азаматтар арасындағы жанды диалог форматында өтті, консультациялар барысында қызметті алушылардың проблемалық мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланды.
Осы күні «Қарағанды қаласының №3 емханасы» КМК келген іс-шараға қатысушыларды медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы қызметтерді алу бойынша сұрақтар қызықтырды, оларға толық жауаптар берілді.