
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасын орындау мақсатында сенбі, 27 сәуір күні Республикалық сенбі күні өткізілді, оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұжымы қатысты. Департамент қызметкерлерінің күшімен Заводская көшесі бойындағы аумақ, сондай-ақ Департамент ғимаратына іргелес аумақтар тазартылды. Тазалау күні жағымды жағдайда өтті, МФБКД қызметкерлері демалыс күнін қоғам игілігі үшін бейресми түрде өткізуге қуанышты болды.