
Тиісті дәріхана практикасы стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді, тиісті дәріхана практикасына және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
GPP сертификаттары келесі дәріханаларға берілді:
- Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 3а шағын ауданы, №5 үй мекенжайы бойынша «Apoteka 8» ЖШС;
- Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, №47/3 құрылыс мекенжайы бойынша «DAFAS» ЖШС;
- Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Ержанов көшесі, №10, №4 пәтер мекенжайы бойынша «Формат.KZ» ЖШС;
2023 жылдың Қарағанды облысы бойынша Департаментке GPP талаптарына сәйкестікке инспекция жүргізуге 50 өтініш келіп түсті, 51 инспекция жүргізілді, объектілердің GPP талаптарына сәйкестігіне 41 сертификат берілді.
31.12.2023 ж. Қарағанды облысы бойынша GPP тиісті дәріхана практикасы бойынша сәйкестік сертификаттарының 76 ұстаушысы бар, бұл Қарағанды облысының жұмыс істеп тұрған дәріханалары мен медициналық ұйымдарының жалпы санының 16 % құрайды.
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 28/1 ғимарат, 2 т.е.б., 215 кабинет, сондай-ақ әр бейсенбі сайын бізде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.