
Тиісті дәріхана практикасы стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді, тиісті дәріхана практикасына және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
GPP сертификаттары келесі дәріханаларға берілді:
- Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, Магнитогорская көшесі, №37 үй мекенжайы бойынша «ФОРМАТ.KZ» ЖШС;
- Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Бұқар Жырау даңғылы, №6 құрылыс мекенжайы бойынша «ФОРМАТ.KZ» ЖШС;
- Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Жауынгер-Интернационалистер көшесі, №32 құрылыс мекенжайы бойынша «DAFAS» ЖШС;
- Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, №25А құрылыс мекенжайы бойынша «Долголет» ЖШС;
- Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, №5Б құрылыс мекенжайы бойынша «Новая Поликлиника» ЖШС;
-Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, 11а шағын ауданы, №10/1 құрылыс мекенжайы бойынша «Новая Поликлиника» ЖШС;
- Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Шахтерлер даңғылы, №52А үй, №6 тұрғын емес бөлме мекенжайы бойынша «Долголет» ЖШС.
2023 жылдың Қарағанды облысы бойынша Департаментке GPP талаптарына сәйкестікке инспекция жүргізуге 50 өтініш келіп түсті, 50 инспекция жүргізілді, объектілердің GPP талаптарына сәйкестігіне 41 сертификат берілді.
31.12.2023 ж. Қарағанды облысы бойынша GPP тиісті дәріхана практикасы бойынша сәйкестік сертификаттарының 99 ұстаушысы бар, бұл Қарағанды облысының жұмыс істеп тұрған дәріханалары мен медициналық ұйымдарының жалпы санының 16,3% құрайды.
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 28/1 ғимарат, 2 т.е.б., 215 кабинет, сондай-ақ әр бейсенбі сайын бізде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.