
Бүгін, 30 қазанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ольга Смирноваға Денсаулық сақтау министрлігінің мәжіліс залында «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік награда – медалі (Еңбек озаты үшін) табыс етілді.
Жоғары марапатты Ольга Викторовнаға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният табыстады. Бұл медальмен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін марапатталады. Қарағанды облысы бойынша МФБКД басшысының өмірінің 20 жылы мемлекеттік қызметте өтті.
- Еңбегімнің ғана емес, адалдығымның да жоғары бағасының көрсеткіші болып табылатын марапат үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, - деп марапаттаудан кейін Ольга Смирнова айтты.
– Мемлекет тарапынан мұндай сенім мен үшін одан да зор адалдық пен Қазақстан халқына қызмет етудегі жауапкершілік.
Біздің басшымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қарағанды облысы бойынша МФБКД ұжымы