
08.08.2023 жылы Департамент дәріхана ұйымдарының өкілдерімен кеңес өткізді. Күн тәртібінде тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізу, фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ таңбалауды ескере отырып, дәрілік заттардың қадағалануын автоматтандыру мәселелері болды.