
Тиісті дәріхана практикасы стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді, тиісті дәріхана практикасына және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
Қарағанды облысындағы 3 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды және медициналық бұйымдарды таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаға кірді. ҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК дәріханасында осы пилоттық жоба қарсаңында тиісті дәріхана практикасының талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізілді.
Мақсатқа жету және пациенттердің сұраныстарын толық қанағаттандыру үшін ҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК Қарағанды қаласы, Назарбаев даңғылы, 10а құрылыс мекенжай бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсетуге арналған дәріханасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 04 ақпандағы №ҚР ДСМ-15 «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» министрдің м. а. бұйрығының талаптарына сәйкес GPP әзірледі және енгізді.
2023 жылғы 07-08 маусымдағы алғашқы жүргізілген инспекция нәтижелері бойынша ҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК басшысына жарамдылық мерзімі 5 жылға GPP тиісті дәріхана практикасының талаптарына сәйкестігі туралы сертификат табыс етілді. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшысы Ольга Смирнова ҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК жанындағы дәріханада сапа жүйесін енгізу медициналық ұйымның пациенттерін қауіпсіз, тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге, барлық процестерді ашық етуге және сапалы фармацевтикалық қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді деп атап өтті.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне дәріхана ұйымдары мен медициналық ұйымдардан GPP талаптарына сәйкестікке инспекция жүргізуге 17 өтініш түсті. Олар бойынша 22 инспекция жүргізілді, объектілердің GPP талаптарына сәйкестігіне 14 сертификат берілді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 01 шілдеге Қарағанды облысында 73 дәріхана тиісті дәріхана практикасы бойынша талаптарға сәйкестігі сертификаттарының иелері болып табылатынын атап өткен жөн, бұл Қарағанды облысындағы жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 16,5% құрайды. Осылайша, GPP сертификаттарын ұстаушылардың пайызы 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда өсті (8,7%).
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 28/1 ғимарат, 2 т.е.б., 215 кабинет, сондай-ақ әр бейсенбі сайын бізде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.