Бiрлескен жиналыс

Бiрлескен жиналыс

Сейсенбі, 27 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті "Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қарағанды облысының, Қарағанды қаласының және аудандардың медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Департаментпен жоғары және орта фармацевтикалық білімі бар мамандардың өтініш беру мәселесі түсіндірілді, өтініш беру үшін инфографика ұсынылды және сұрақтарға жауаптар берілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға, Департамент басшысының орынбасарының м.а. Сабина Нағметуллина сөз сөйледі.