
Департаментпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы дәріхана ұйымдарының басшыларымен және фармацевтикалық қызметкерлерімен кеңес өткізілді.
Мемлекеттік қызмет электрондық түрде, негізгі еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша аумақтық департаментке elicense.kz немесе egov.kz сайттарында өтініш беру арқылы көрсетіледі.
Қазіргі уақытта жоғары білімі бар мамандар үшін «Фармациядағы Менеджмент», «Фармациядағы сапаны басқару», «Клиникалық фармация» мамандықтары қолжетімді.
Департаментпен фарм қызметкерлерге өтініш беру үшін нұсқаулықтар, инфографика және қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға, басшының орынбасарының м.а. С.Нагметуллинамен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік еске салынды.
Сондай-ақ, фармацевтикалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу тәртібін түсіндіру үшін денсаулық сақтау басқармасымен және медициналық ұйымдардың кадр қызметімен бірлесіп кеңес өткізу жоспарланған.