
Тиісті дәріхана практикасы стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді, тиісті дәріхана практикасына және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
02.06.2023ж. GPP талаптарына сәйкестігіне сертификаттар:
- Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22 мекенжайы бойынша ҚО ДСБ «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК;
- Қарағанды қаласы, 23 шағын ауданы, 4 мекенжайы бойынша «ФОРМАТ.KZ» ЖШС берілді.
2023 жылдың мамыр айында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне дәріхана иелерінен GPP талаптарына сәйкестікке инспекция жүргізуге 5 өтініш түсті. 5 инспекция жүргізілді, объектілердің GPP талаптарына сәйкестігіне 3 сертификат берілді.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 72 дәріхана тиісті дәріхана практикасы бойынша талаптарға сәйкестігі сертификаттарының иелері болып табылады, бұл Қарағанды облысындағы жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 14% .
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 28/1 ғимарат, 2 т.е.б., 215 кабинет, сондай-ақ әр бейсенбі сайын бізде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.