
Сейсенбі, 30 мамыр күні, «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР ДСММедициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған «Үздік провизор» облыстық байқауы өтті.
Белгіленген күні Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ғимаратының мәжіліс залы дәстүр бойынша «Медицина үздігі – 2023» облыстық конкурсы шеңберінде өткізілетін «Үздік провизор» конкурсына қатысушыларды, олардың жанкүйерлерін, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелерін жинады. Конкурстық комиссияны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы О.В. Смирнова басқарды. Қатаң, бірақ әділ қазылар алқасының құрамына: «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Султан Медеубаев, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Альмира Рахимжанова, «Медстандарт kz» ЖШС провизор консультанты Галина Чукаева, сондай-ақ, МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бөлімдерінің басшылары мен мамандары: Сабина Нагметуллина, Роза Егембердиева, Дарья Росовская, Ерасыл Кусаинов кірді.
Қарағанды облысының үздік провизоры атағына жүргізілген конкурс қатысушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын ғана емес, сонымен қатар олардың жеке қасиеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін бес кезеңде өткізілді.
Бес тамаша қатысушы – «Долголет» ЖШС дәріханасының фармацевті Алтынгүл Рымханова, Теміртау қаласының Орталық ауруханасының дәріхана меңгерушісі Анна Цыцура, «Жұмағалиева» ЖК дәріханаларының сапасына жауапты тұлға Ақнұр Мағзұмова, Теміртау қаласының 4 емханасының дәріхана меңгерушісі Жеңісқұл Самыратова, Абай қаласының орталық аурухананың дәріхана меңгерушісі Светлана Меликова – қысқа бейнероликтің көмегімен өздерін таныстыру, «Шұғыл түгендеу» байқауы аясында есте сақтау кереметтерін көрсету, «Дәріхана» жұмбақтарын болжай отырып, эрудициямен жарқырау, сондай-ақ әннің үзіндісі бойынша диагноз қою және музыкалық композицияның кейіпкеріне препараттарды тағайындау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттейтін талаптар саласындағы білімдерін көрсете алды.
Байқауға қатысушылар алғашында қатты уайымдағанымен, жылы мерекелік атмосфера, қазылар алқасының мейірімді көңіл-күйі, әртістердің жанды орындауындағы музыкалық үзілістер және, әрине, «жанкүйерлердің» қызу қолдауы оларға ұялшақтықты жеңуге көмектесті, ал екінші байқауда олардың жүздерінде жарқын күлкі пайда болды.
Байқауға қатысушылардың барлығы өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті, ал қазылар алқасының мүшелеріне үздіктерді анықтауы оңай болған жоқ. Бірақ баллдық жүйе оларға объективті таңдау жасауға көмектесті.
Жеңімпаздарды жариялай отырып, МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ольга Смирнова іс – шараның демеушісі – ірі дистрибьюторларының бірі «Аманат»ЖШС сыйға тартқан мерекесі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ, өзінің әріптестері, қазылар алқасының мүшелеріне және, әрине, конкурсқа қатысушыларына алғысын білдірді.
- Медицина қызметкері күні фармацевтер туралы ұмытпауымыз керек, - деді ол. - Өйткені, олар біз кез-келген ауру жағдайында жүгіретін адамдар. Дәріханада бізді әрдайым тыңдайтынын, түсінетінін және ауруға қарсы іс-қимылдың дұрыс алгоритмі мен тиімді дәрілік заттарды ұсынатынын білеміз.
Ал бүгінгі күннің батырлары келесі сайыскерлер болды. Үшінші орынды Светлана Меликова, екінші орынды Анна Цыцура иеленді, ал Жеңісқұл Самыратова бірауыздан жеңімпаз деп танылды, ол енді конкурстың шарттары бойынша республикалық конкурста Қарағанды облысының фармацевтикасын ұсынады.
МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі