Тиісті дәріхана практикасы стандартына сәйкестігі туралы

Тиісті дәріхана практикасы стандартына сәйкестігі туралы

Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 13 мекен-жайындағы «ФОРМАТ.KZ» ЖШС дәріханасының фармацевтикалық инспекциясын жүргізу кезінде алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2021 жылғы 04 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Тиісті дәріхана практикасы стандартына (GPP) сәйкестігі туралы сертификат берілді.
GPP стандартының негізгі қағидаттары мыналар:
      1) тиісті сападағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды босату;
      2) дәрілік заттардың қасиеті мен тиісті қолданылуына қатысты нақты және объективті ақпарат беру;
      3) дәрілік заттардың тиімді тағайындау және олардың дұрыс пайдалануы;
      4) фармакотерапия мәселелері бойынша денсаулық сақтау персоналымен (дәрігерлермен) кәсіби арақатынас;
      5) фармацевтикалық қызметтің тиісінше берілуі.
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 28/1 ғимарат, 2 т.е.б., 215 кабинет, сондай-ақ әр бейсенбі сайын бізде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.