GPP: жаңа стандарттар

GPP: жаңа стандарттар

Тиісті дәріхана практикасы стандартына сәйкестігі туралы
Қарағанды қаласы, Степной-4 шағын ауданы, 20 үй, 1 пәтер мекен-жайындағы «Долголет» ЖШС дәріханасының фармацевтикалық инспекциясын жүргізу кезінде алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2021 жылғы 04 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Тиісті дәріхана практикасы стандартына (GPP) сәйкестігі туралы сертификат берілді.
GPP стандарты халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, дәрілік зат туралы дұрыс ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және орын алған дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат беруге және өзін-өзі емдеуге көмек көрсетуге бағытталған.
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 28/1 ғимарат, 2 т.е.б., 215 кабинет, сондай-ақ әр бейсенбі сайын бізде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.