
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 24.04.2023 ж. толық құрамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуден өтті.
Мемлекеттік тілді тиімді меңгеру мақсатында азаматтардың білім деңгейін анықтау үшін ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өту қажет. Тестілеу тілдік білімді бағалаудың халықаралық жүйелерінің қағидаттарына негізделеді, тыңдау, лексикалық-грамматикалық құрылым, оқу, жазу блоктарынан тұрады.
Департамент қызметкерлері үшін ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өту мемлекеттік тілді жетілдіруде және әрі қарай оқуды жалғастыру үшін деңгейді анықтауда танымдық және қызықты кезең болды.