Тиісті дәріхана практикасы(GPP) стандартын енгізу туралы

Тиісті дәріхана практикасы(GPP) стандартын енгізу туралы

Бүгін, 2023 жылдың 04 сәуірі күні Департаментпен дәріхана бизнесінің ірі желілерінің өкілдерімен кеңес өткізілді, Қарағанды қаласының 76 дәріханасы қамтылды, кеңесте тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қамтылды. 2023 жылдан бастап дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын барлық субъектілер GPP тиісті дәріхана практикасының талаптарын сақтауға міндетті екенін естеріңізге сала кетеміз. GPP стандартының негізгі қағидаттары: тиісті сападағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды босату; дәрілік заттардың қасиеттері мен тиісінше қолданылуына қатысты шынайы және объективті ақпарат беру; дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуы және оларды дұрыс пайдалану; фармакотерапия мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерімен кәсіби өзара іс-қимыл жасау; фармацевтикалық қызметтерді тиісінше ұсыну болып табылады.