
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде Департаментте 2023 жылғы 30 наурызда «Ашық есік күні» өткізілді, онда қызмет алушыларға Департамент құзыреті шеңберінде медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында рұқсат беру құжаттарын алу бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.