
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жаңа қызметкермен толықтырылды.
Камила Амрина мемлекеттік қызметшінің антын қабылдап, фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын мониторингілеу бөлімінің жаңа маманы болды. Бүгінгі таңда МФБКД қызметкерлерінің штаты 96% - ға толды.