
Тиісті дәріханалық пракстика стандарты (GРP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді, тиісті дәріхана практикасына және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2022 жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне дәріхана иелерінен GMP талаптарына сәйкестігін тексеруге 23 өтініш келіп түсті. Олар бойынша 21 инспекция жүргізілді, объектілердің GPP талаптарына сәйкестігіне 16 сертификат берілді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 59 дәріхана тиісті дәріхана практикасы бойынша талаптарға сәйкестік сертификаттарының иелері болып табылады, бұл Қарағанды облысындағы жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 11,4% - ын құрайды. Осылайша, GPP сертификаттарын ұстаушылардың пайызы 2021 жылмен салыстырғанда өсті(7,6%).
Ағымдағы жылдың қаңтар айында GРP сертификаттары келесі дәріханаларға табысталды:
- «Формат.KZ» ЖШС Теміртау қ., Республика даңғылы,14;
- «Долголет» ЖШС Қарағанды қ., Бадин көш., 213 т.е.ү.;
- «Ульянова Д.М.» ЖК Қарағанды қ,. Бұхар Жырау даңғ., 38А үй;
-«Авиценна» ЖК Қарағанды қ,. Победа көш., 61 үй.
Тиісті дәріхана практикасы GPP стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды қ., Терешкова көш., 28/1 құрылым, 2 т.е.ү. , 215 кабинеті мекен- жайы бойынша орналасқан МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады, сонымен қатар әр бейсенбі сайын бізде сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.