Тағы да мемлекеттік қызметшілердің этикасы туралы

Тағы да мемлекеттік қызметшілердің этикасы туралы

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызмет Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет этикасы, тәртіптік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында онлайн-кеңес өткізді. Негізгі спикер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ілияс Медет Бақтиярұлы болды. Ол жаңа жылдық мерекелер кезінде мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.