
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің Қарағанды облысы бойынша МФБД-не сапары аясында медициналық қызметтер көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Бүгін, 13 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қарағанды облысына сапармен келді. Сапар бағдарламасы облыстың бірқатар медициналық мекемелерінің жұмысымен танысты: Осакаров ауданының ОАА, Батпақ ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Теміртау қаласының орталық ауруханасы, Облыстық клиникалық аурухана және т. б. Жергілікті жерлерде медициналық көмектің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жай-күйі мәселелері қаралды және талданды.
Аймаққа келген жұмыс тобының сапарының тығыз кестесіне қарамастан, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лязят Кашкымбаева медициналық қызметтер көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мәселелер бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізіп үлгерді.
Кездесу барысында дәріханалық нашақорлық, дәрілік заттардың бағасын реттеу, медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы, тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу мәселелері, сондай-ақ тексеру парақтарына өзгерістер енгізу және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді өзектендіру қажеттілігі мәселелері талқыланды.
Барлық алынған мәліметтер, ұсыныстар мен ескертулер жұмысқа қабылданды.