
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұжымы үшін аптаның соңғы күні дәстүрлі қыркүйек сенбілігімен атап өтілді. Медициналық және фармацевтикалық блоктардың қызметкерлері МФКБД ғимаратына іргелес аумақты тазалауға шықты. Жылы, шуақты ауа райы ұжымға тапсырманы ынта-жігермен және жақсы көңіл-күймен орындауға көмектесті.