Медициналық қызметке лицензия беру туралы

Медициналық қызметке лицензия беру туралы

2021 жылғы 5 қаңтардан бастап ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті Қарағанды облысы бойынша "Медициналық қызметке лицензия беру"мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұған Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"жаңа Кодексінің талаптары негіз болды.
2022 жылдың 1 тоқсанында МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінде жеке және заңды тұлғалардан медициналық қызметке лицензия және (немесе) қосымшалар алуға 70 өтініш бойынша қызмет көрсетті. 2021 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген қызметтер санымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 29% - ға (99 қызмет) төмендеді. Алайда, 2021 жылмен салыстырғанда, өткен жылы уәжді бас тартулар саны 48% - ға азайды. Дәлелді бас тартудың төмендеу серпіні Департамент тарапынан медициналық ұйымдарға түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізуді және лицензиялау мәселелері мен жабдықтаудың ең төменгі нормативтері бойынша жабдықтардың қажетті саны мәселелері бойынша Атамекен алаңында нәтижелі өзара іс-қимылды көрсетеді. Бас тартудың негізгі себебі өтініш берудің қайталануы және мәліметтер нысанында дұрыс ұсынылмаған деректер болып табылады.
2022 жылдың 1 тоқсанында Департаментке маман сертификатын беруге 1876 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% - ға көп (1309 өтініш). Рұқсат құжаттары - 1390 берілді, оның ішінде маман сертификаттары – 1389, шетелдік маман сертификаттары – 1. Берілмегені 486 өтініш бойынша. Оның ішінде, маман сертификатын беруде - 484 өтініш бойынша, шетелдік маман сертификатын беруде – 2 өтініш бойынша.
Сайттарда, сондай-ақ жалпыға қолжетімді желілерде мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған, бұдан басқа, апта сайын әр бейсенбіде Департаменттің консультативтік кабинетінде консультациялар жүргізіледі, күн сайын бөлім басшысы да, Департамент мамандары да 87752991215, 8(7212)257404 жедел желі телефондары бойынша консультациялар өткізіледі. Көрсетілетін қызметтердің едәуір санын жеке ұйымдар көрсететінін ескере отырып, өңірде мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің дамуына байланысты, сондай-ақ мамандардың консультациялары және диагностикалық зерттеулер жүргізу бойынша халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында емханалар мен жеке объектілер арасындағы қосалқы мердігерлік шарттарда медициналық қызметті жүзеге асырудың заңдылығы мәселесі басым болып табылады және қажет болған жағдайда өңірлер бойынша шығумен консультациялар өткізіледі, сондай-ақ қызметтерді лицензиялау тәртібін түсіндіру қажет болған жағдайда басшының жеке қабылдауы жүзеге асырылады.