Қарағанды облысындағы дәрілік заттардың бар болуы туралы ақпарат

Қарағанды облысындағы дәрілік заттардың бар болуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті дәріханалар мен дәріхана қоймалары жеке бизнес субъектілері болып табылатынын хабарлайды. Дәрілерді сатып алу жеке қаржылық қаражаттары бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар дәрілік заттардың ассортименті мен көлемін дәріхана ұйымдарының басшыларымен дербес анықталады.

Қол жетімділік туралы ақпаратты анықтамалық қызметтерден немесе мобильді қосымшалардан қарап білуге болады.

Департамент біздің азаматтарға дәрілік заттарды  дәрігердің нұсқауы бойынша қолдану керектігін еске салады. Фармацевттер өз кезегінде дәрілік заттардың рецепт бойынша сату ережелерін сақтауы керек, дәрілердің шекті бағасынан аспауы керек.

Диспансерлік есепте тұрған пациенттер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тұрғылықты жері бойынша емханаларда қамтамасыз етіледі. Тегін амбулаториялық босату бойынша қандай да бір препараттардың бар болуы туралы қажетті ақпарат Денсаулық сақтау басқармасы береді.