Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша семинар

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша семинар

Қарағанды облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Департаменттің персоналды басқару жөніндегі бас маман - заңгері Елена Фролова қызметкерлерді Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар бағдарламасының негізгі ережелерімен таныстырды, сондай-ақ іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, күн тәртібіне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мәселелер шығарылды.

Қарағанды облысы бойынша МФБКД басшысы Ольга Смирнова жиналғандарға тәртіптік комиссияның жұмысына байланысты өзгерістер туралы айтып берді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикасына қатысты өзекті мәселелерді айтты.