
Бейсенбі күні, 22 ақпанда, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшылығымен фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерімен "Дәрілік заттармен қамтамасыз етуде антибиотиктерді артық тұтыну мәселесі" тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңеске облыс орталығының фармацевтері ғана емес, сонымен қатар Қарағанды облысының шалғай өңірлерінің фармацевтері де іс-шараға онлайн, Zoom интернет-платформасының көмегімен қатысты. Кеңес барысында дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері, сонымен қатар облыстың емханалары мен дәріханалары үшін Damumed медициналық ақпараттық жүйесінде дәрілік заттарға рецептілерді жазу және ол арқылы босатуды автоматтандыру мәселелері қамтылды.
Департамент басшысының орынбасары Фарида Макеева провизорларға дәрігердің рецептілері бойынша босатылатын дәрілік заттарды өткізу қағидалары туралы, сондай-ақ осы қағидаларды бұзғаны үшін болатын жауапкершілік туралы еске салды.
Кеңеске "ҚМУ" КЕАҚ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының PhD қауымдастырылған профессоры- Екатерина Юхневич қатысты. Ол антибиотикке төзімділік мәселесі - микроорганизмнің (бактериялардың) микробқа қарсы препаратқа тұрақтылығы туралы мазмұнды баяндама ұсынды. Баяндама материалдаына сәйкес, бактерияға қарсы препараттарды тұтынудың артуы антибиотикке төзімділіктің артуын тудырады, бұл өз кезегінде қолданыстағы бактерияға қарсы препараттармен емдеудің тиімсіздігіне әкеліп соғады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында "ДАМУ "Ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС аймақтық менеджері Елена Качанова дәріханалардан дәрілік заттардың рецептімен босатылуы бойынша жаңа жобамен таныстырды.