Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты

2019 жылға дейін дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде ғана жүзеге асырылды. 2019 жылдың шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарға шекті бағалар белгіленді.

Дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығымен бекітілген. Осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 27 тамызда № ҚР ДСМ-94 бұйрығымен дәрілік заттардың саудалық атауларына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізуде дәрілік заттардың саудалық атауларына шекті бағаларды бекітті. Бұйрық дәрілік заттардың 7023 саудалық атауларына шекті бағаларды қамтиды.

Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың саудалық атауларына өндірушінің шекті бағалары жарты жылда бір реттен жиі емес бекітіледі. Сондықтан 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен 2022 жылғы 1 жартыжылдыққа шекті бағалар бекітілді. Бұйрық дәрілік заттардың 7256 саудалық атауларына шекті бағаларды қамтиды.

 

Егер жаңа бұйрықтың бағасын алдыңғы бұйрықпен салыстыратын болсақ, көтерме бағалар 705 атау үшін 10% - ға дейін төмендегенін; 1693 атауға- 10-20% шегінде төмендегенін; дәрілік заттардың 207 атауы үшін 20% - ға және одан жоғары төмендегенін көруге болады. Сонымен қатар, 404 атау үшін бағалар 10% - ға дейін ұлғайтылған; 372 атау үшін 10-20% шегінде; дәрілік заттардың 536 атауы үшін бағалар 20% – ға және одан жоғары ұлғайтылған.

Дәрілік заттардың 2510 атауының шекті бағалары өзгеріссіз қалды.

 

Бөлшек саудада өткізу үшін бағалар 787 атау үшін 10% - ға дейін, 1557 атау үшін 10-20% шегінде, 173 атау үшін 20% - ға және одан жоғары төмендетілген. Сонымен қатар, 398 атау үшін бағалар 10% - ға дейін ұлғайтылған; 355 атауға- 10-20% шегінде; дәрілік заттардың 650 атауына бағасы 20% - ға және одан жоғары ұлғайтылған.

Дәрілік заттардың 2507 атауының шекті бағалары өзгеріссіз қалды.

Өндірушілер үшін дәрілік заттардың 5851 атауына және көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың 596 атауына шекті бағалар алғаш рет белгіленді.

Бұйрық елдің барлық дәріханаларындағы дәрілік заттардың бағасы белгіленген шекті бағадан төмен болу мүмкіндігін, бірақ жоғары болмау керектігін көздейді. Бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағалар туралы ақпарат дәріхана ұйымдарында дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары бойынша топтастыруды ескере отыра барлық мүдделі адамдар үшін қолжетімді нысанда орналастырылуы тиіс.

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК DARI.KZ мобильді қосымшасын жарыққа шығарды, бұл мобилдік қосымшада дәрілік заттардің тіркелімі, шекті бағасы, қолдану жөніндегі нұсқаулықтары сияқты дәрілік заттар туралы барлық ақпарат бар. Азаматтар дәрілік заттардың бағасын кез-келген уақытта қадағалай алады, ал егер дәрілік зат бағасы Қазақстанда рұқсат етілген, заңмен бекітілген шекті рұқсат етілген бағадан асып кеткен жағдайда препараттың құнына шағым қалдыра алады.

Шекті бағалары туралы бұйрық Әділет порталында және Департаменттің beta.egov.kz/memleket/entities/kmfk сайтында қолжетімді.

Дәрілік заттардың бағасын қайта реттеу туралы шешім мемлекеттік органдар мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасында талқылану сатысында. Қайта реттеу кезең-кезеңімен жүргізіледі деп күтілуде.

Дәріхана фармацевтері пациенттерге тағайындалған дәрілік затты бір фармакотерапиялық топ шеңберінде- емдеуші дәрігердің келісімі бойынша және де бір халықаралық патенттелмеген атауы щеңберінде алмастыруды ұсынуға құқылы екенін атап өткім келеді.