
2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 96-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды әзірлейді және бекітеді. Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағасы жарты жылда бір реттен жиі емес бекітіледі.
Қазіргі уақытта «Өндірушінің дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген шекті бағалар қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті дәріхананың мекенжайын көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, дәрілік заттарға шекті бағадан асып кетудің нақты фактілері бойынша Сіз жүгінген жағдайда ғана шаралар қабылдауға құқылы.
Сонымен қатар, Департамент облыс әкімдігімен бірлесіп, фармацевтикалық нарық кәсіпкерлерімен дәрілік заттардың бағасын ұстап тұру және дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.