
Қазіргі уақытта облыстың фармацевтикалық нарығында халықтың арасында ЖРВИ және басқа да вирустық аурулармен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты кейбір дәрілік заттарға сұраныс қалыптасуда.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды республикалық бюджет және МӘМС қорының қаражатына "СК-фармация" ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы жүзеге асырады. Стационарлар деңгейіндегі дәрілік көмек емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Әлеуметтік даріханаларды қоспағанда дәріханалар, жеке болып табылады. Көтерме фармацевтикалық компаниялар да жеке ұйымдар болып табылады. Дәріханалар мен дәріхана қоймалары дәрілік заттарды өздерінің жеке қорларарынан сатып алады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті күн сайын ЖРВИ, пневмония, коронавирустық инфекцияны емдеу үшін қолданылатын вирусқа қарсы, ыстықты түсіретін және бактерияға қарсы, гормондық дәрілік заттарға, сондай-ақ антикоагулянттарға мониторинг жүргізеді.
Қазіргі уақытта облыс дәріханаларында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Дәріхана ұйымдарының басшылары дәрі-дәрмек қорларын екі айға жеткілікті деп бағалайды. Шетелден дәрі-дәрмек жеткізу кідіріссіз жүріп жатыр.
"Арпефлю", "Парацетамол" және "Нимесил"препараттарына сұраныс бар.
Бұл препараттар және олардың аналогтары дәріхана қоймалары мен дәріханаларда бар. Қол жетімділік туралы ақпаратты анықтамалық қызметтерден немесе мобильді қосымшалардан табуға болады. Егер дәріханаларда олар болмаса, фармацевттер алмастырғыштарды ұсына алады. Сондай-ақ, вирустық инфекцияның белгілері пайда болған кезде тұрғылықты жеріңіздегі клиникаға баруды немесе жедел медициналық көмек шақыруды ұсынамыз. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары деңгейінде КВИ кезінде дәрілік көмек көрсету үшін дәрілік заттар жеткілікті.
Кез-келген ауруды емдеу алдын дәрігердің кеңесі мен тағайындауынан кейін айналысу керек екенін ескеру маңызды.
Халықтан сабырлық сақтауды, дәрігердің тағайындауы бойынша және емдеу курсына қажетті мөлшерде дәрілік заттарды сатып алуды сұраймыз. Дәрі-дәрмектерді қорларын жинаудың мағынасы жоқ, өйткені олардың жарамдылық мерзімі бар және сақтау шарттарын сақтауды талап етеді. Аман-сау болыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.