
Өздеріңіз білетіндей, қалаларда дәріханалар тұрғын үйдің әр кіреберісінде бар, ал ауыл тұрғындары дәрі-дәрмек сатып алу үшін аудан орталығына баруы керек. Қарағанды облысының әкімдігі Денсаулық сақтау Басқармасы атынан халыққа дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта орталық аудандық ауруханаларға алыс ауылдарға шығу үшін автофургондар сатып алынды.
Департамент фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады. Біз Қарағанды облысы Денсаулық сақтау Басқармасының орталық аудандық ауруханаларынан ұйымдастырылған Қарқаралы, Жаңаарқа, Осакаров, Нұра аудандарының шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге рұқсат беру бақылауын жүргіз және құжаттар бердік. 2020 жылдың қаңтарында Ақтоғай және Ұлытау аудандарына рұқсаттар берілді. Жылжымалы дәріхана пункттері шалғайдағы ауыл тұрғындарын сапалы және қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Департамент осы аудандардың тұрғындарын өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасау мүмкіндігімен құттықтайды.