
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті азамат Д.Т. Нургалиевтің 12.10.2021 ж. «Қарқаралы ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК берген психобелсенді затты тұтыну фактісін және 26.08.2021 ж. «Жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық» №243 масаңдық жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысының заңдылығы мен негізділігіне тексеру жүргізу мәселесі бойынша өтінішін қарастырып, келесіні хабарлайды. Комиссия барлық материалдарды зерделегеннен кейін 26.08.2021 ж. №243 берілген қорытындыға баға берді. Тексеру нәтижелері бойынша Департамент комиссиясы медициналық куәландыру кезінде өрескел бұзушылықтарды анықтады. Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар медицина қызметкерлері тарапынан да, сондай-ақ жолдама беру кезінде қызметкерлер тарапынан да белгіленген іс жүргізу тәртібінің өрескел бұзылуына жол берілгенін айғақтайды. Медициналық куәландыруды жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар үшін медициналық ұйымның директорына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай - ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 424-баптың 1-бөлігі бойынша маман сертификатынсыз медициналық қызметті жүзеге асырғаны үшін жеке тұлға-медицина қызметкеріне және 464-баптың 1-бөлігі бойынша «Қарқаралы ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК заңды тұлғасына қатысты лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу бөлігінде лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.