Қарағанды облысының Үздік провизоры

Қарағанды облысының Үздік провизоры

 2021 жылғы 28 мамырда «Медицина қызметкерлері күні»  кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті «Үздік провизор» номинациясы бойынша «Біздің сүйікті дәрігер – 2021» атағын беруге өңірлік конкурс өткізді.

 

Конкурсқа жоғары фармацевтикалық білімі бар 3 маман қатысты:

  1. Светлана Анатольевна Давыдова - «Ak Niet Group» ЖШС дәріхана провизоры»;
  2. Гульмира Жайлановна Смагулова - «Медсервис Плюс» ЖШС қоймасы меңгерушісінің орынбасары»;
  3. Екатерина Сергеевна Тугайбей - «Витайм» ЖШС өңірлік менеджері;

         Конкурстық комиссияға Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының, ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Қарағанды облысы бойынша Департамент» РММ-нің өкілдері кірді.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды – ұсынылған құжаттарды қарау (өтініш, түйіндеме), дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы заңнаманы білуге тестілеу, қатысушының кәсіби қызметі туралы есеп пен бейнероликті қарау және бағалау.

          Байқауға қатысушылар өздерін сауатты мамандар ретінде ғана емес, шығармашылық тұлғалар ретінде де көрсетті.   Барлық конкурстық комиссия ұсынылған материалды лайықты бағалады.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша «Ak Niet Group» ЖШС дәріханасының провизоры Светлана Анатольевна Давыдова өңірлік конкурстың жеңімпазы болып танылды.  Екінші орынды «Медсервис Плюс» ЖШС қоймасы меңгерушісінің орынбасары Гульмира Жайлановна Смагулова иеленді. 

Байқауға қатысушылар грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар алды.