
COVID-19 қарсы вакциналау неліктен керек?
Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды салыстырмалы талдау қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұрудың жалғыз ғылыми дәлелденген мүмкіндігі-вакциналау екенін анық көрсетеді. Бұл Израиль және Ұлыбритания сияқты елдердің мысалында айқын көрінеді, онда вакциналаумен жоғары қамтылу байқалды, соның нәтижесінде елеулі ұжымдық иммунитет құрылды және сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеуі байқалады. Керісінше, вакциналау деңгейі төмен елдерде аурудың жоғары өсуі жалғасуда. Қазақстан Республикасында вакциналау кампаниясы 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. Біздің республикада мемлекеттік тапсырыс аясында коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға жеке санаттар бойынша тәуекел топтарына кіретіндер-ерікті түрде - ақпараттандырылған келісім болған жағдайда азаматтар жатады. Вакциналау кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, емханалардағы вакциналау орталықтарында жүзеге асырылады. Қарағанды облысында 2021 жылы облыс халқының 57% - ын егу жоспарлануда, бұл 782 мың адамды құрайды. 10.03.2021 ж. жағдай бойынша облыста вакциналаудың бірінші компонентімен 2970 адам егілді, 1-ші және 2 - ші компоненттер-1169 адам (жоспарланған санның 0,4% және 0,15%). Вакцинацияланғандарда маңызды кері әсерлер мен асқынулар тіркелген жоқ.
Анықтама: «Спутник V» вакцинасы академик Н.Ф. Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зертеу орталығымен әәзірленді және әлемнің 39 елінде тіркелген. «Спутник V» мемлекеттік реттеушілер алған мақұлдау саны бойынша коронавирусқа қарсы әлемдік вакциналардың үштігіне кіреді. «Спутник V» тиімділігі 91,6% құрайды, бұл «The Lancet» медициналық журналындағы деректердің жариялануымен расталады. «Гам – Ковид – Вак» вакцинасын өндіру, ол «Спутник V», мұндағы V белгісі- векторлық, оны тірі патогенді қоздырғышты қолдану арқылы алынған басқа вакциналардан ерекшелейтін, патогенділік деңгейі бойынша қолда бар рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады. «Спутник V» - бұл Рейсейдің Денсаулықсақтау министрлігі «Н.Ф. Гамалеи атындағы ЭМҰЗО» ФМБМ әзірленген коронавирустың алдын - алуға арналған біріктірілген вакцинасы. Оның екі компонентті құрамы иммунитеттің қалыптасуына күрделі әсер етеді, вакцина компоненттері бұлшықет ішіне, 3 апта аралығымен екі кезеңде енгізіледі. Вакцина компоненттері бұлшықет ішіне, 3 апта аралығымен екі кезеңде енгізіледі. Препараттың шығару формасы мұздатылған күйінде, сақтау температурасы -18 °С-тан жоғары емес. I компоненттің құрамына адамның 26 серотип аденовирусына негізделген SARS-CoV2 вирусының S ақуыз генін тасымалдаушы рекомбинантты аденовирустық вектор кіреді, II компоненттің құрамына адамның 5 серотип аденовирусына негізделген SARS-CoV2 вирусының S ақуыз генін тасымалдаушы вектор кіреді. Рекомбинантты аденовирустық бөлшектердің бас банкі депозиттелген және Рейсейдің Денсаулықсақтау министрлігі «Н.Ф. Гамалеи атындағы ЭМҰЗО» ФМБМ вирустардың Мемлекеттік коллекциясында сақталады. «Спутник V» вакцинасын шығаратын «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС штаммды өндірісте де, өнім сапасын бақылауда да пайдаланбайды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап Қарағанды облысының медициналық ұйымдарында «Спутник V» вакцинациялау жүргізілуде. Вакцинаның алғашқы жеткізілімдері Ресейде шығарылған, қазіргі уақытта Гам – Ковид – Вак («Спутник V») Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілгені пайдаланылады. Вакцина Қазақстанда тіркелген, ал өндірістік алаң GMP тиісті өндірістік практикасының стандарттарына сәйкес келеді.
МФБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің баспасөз-қызметі