Дәрілік заттардың бағасы бойынша

Дәрілік заттардың бағасы бойынша

Мемлекет басшысының антиковидті препараттардың бағасын төмендету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-337/2020 (2021 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді) бұйрығымен дәрілік заттардың (ДЗ) 370 атауына шекті бағалар төмендетілді. Тізіммен сілтеме бойынша танысуға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019037

Орташа алғанда, бағалар 30-40% - ға төмендеді.

Бұл шара халыққа дәрілік көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында қолға алынды. Бұдан басқа, коронавирустық инфекциялы пациенттерге көрсетілімдер болған кезде бекітілген тізімге сәйкес амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік препараттар берілуге ти3с.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті хабарлайды: қазіргі уақытта облыстың дәріханаларында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Дәріханалар мен қоймалардағы дәрілік заттардың қоры жеткілікті. Қарағанды облысы бойынша "ауру шыңы" деп аталатын кезеңмен салыстырғанда қазіргі уақытта дәрілік заттардың қалдықтары басқа.

- Қызуды төмендететін ДЗ 93% - ға өсті;

- Вирусқа қарсы ДЗ 87% - ға өсті;

- Бактерияға қарсы ДЗ 79% - ға өсті;

- Антикоагулянттар, антиагреганттар 33% - ға төмендеді