2020 жылғы 16 қарашада Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау және реттеу агенттігіне дәрілік заттардың, ең алдымен, ковидке қарсы дәрі-дәрмектердің бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) қолданысқа енгізілді.
Бұйрық бұрын қолданыста болған 42-бұйрықпен салыстырғанда елеулі өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды.
Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізу, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезеңінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ-ға шекті бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібі жүзеге асырылады.
Дәрілік заттарға шекті бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібі кезінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін маркетингтік шығыстар алынып тасталынады.
Осы ережелер негізінде "бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығына өзгерістер енгізілді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-337/2020 бұйрығымен дәрілік заттардың 370 атауына бағалар бекітілді .
Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін шекті бағалар орта есеппен 30-40% - ға төмендеді. Бұл шаралар халық үшін дәрілік заттардың экономикалық қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
Әрине, бағаның төмендеуі фармацевтикалық бизнестегі кәсіпкерлерге екі жақты әсер етті. Кейбір дәрі-дәрмектер ескі бағамен сатып алынды және дәріханалар қайта бағаланған кезде шығынға ұшырайды. Қазір дистрибьюторлар өндірушілермен сатып алу бағаларын қайта қарау мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуде.
Әлеуметтік желіде дәрілік заттарды өткізуді тоқтата тұру туралы таратылатын ақпарат дұрыс емес болып табылады. Қазір дәріханалар мен дәріхана қоймаларында ЖРВИ-ді арзан бағамен емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткілікті. Оның үстіне, бұл жағдайдың алдағы КВИ вакцинациясымен ешқандай байланысы жоқ.