КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАН ТЫС ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация Комитеті кәмелетке толмағандар арасында дәрілік заттарды медициналық мақсаттан тыс пайдаланудың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Дәрілік препараттарды, оның ішінде «Корвалол» препаратын масаңдық әсер алу мақсатында медициналық мақсаттан тыс пайдалану балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Департамент дәріханалық ұйымдардың басшылары мен фармацевтикалық қызметкерлердің назарын төмендегі талаптарды орындау қажеттігіне аударады:
🔹 дәрілік заттарды босату кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
🔹 дәріханалық ұйымдардың қызметкерлері арасында дәрілік препараттарды медициналық мақсаттан тыс пайдалануға жол бермеу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
🔹 дәрілік заттарды босату кезінде қырағылықты арттыру және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 3-тарауының 16-2-тармағына сәйкес балаларға дәрілік заттарды босатуға жол берілмейді.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу фармацевтикалық қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға, дәрілік заттарды медициналық мақсаттан тыс пайдаланудың алдын алуға және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталған.
#Дәрідәрмек #Фармация #ДСМ
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы фармацевтикалық субъект өкілдерімен онлайн семинар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысының фармацевтикалық қызмет субъектілерімен семинар өткізді.
Семинарда қаралған мәселелер:
- Дәрілік заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану мәселелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының талаптарын сақтау;
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек және көтерме сауда желісінде өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (күшті әсер ететін заттары бар (лирика, сомнол, тропикамид) дәрілік препараттарды рецептімен босату);
-Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы («Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру»);
Семинарда аталған мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесі қалай жұмыс істейді, соңғы жылдары қандай өзгерістер болды және азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін қандай мүмкіндіктері бар, осы және басқа сұрақтарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов 24KZ арнасы тілшісімен сұхбат барысында айтып берді.
Сұхбаттың толық нұсқасы сілтемеде: https://youtu.be/rZcbv-Spn_c?si=xaW_xoD2hL5SyP_O
ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ ЖӘНЕ ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ:
Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік затты сатып алар алдында бірнеше негізгі мәселеге назар аударуды ұсынады: препарат Қазақстанда тіркелген болуы, қаптамасы бүтін, жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген және сақтау шарттары белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сондай-ақ қаптамадан препараттың атауын, мөлшерін, түрін және таңбалануын тексеру қажет. Медициналық қолдану нұсқаулығы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы тиіс.
Дәрілік заттың тіркелгенін Мемлекеттік дәрілік заттар тізілімі register.ndda.kz арқылы тексеруге болады. Препараттың түпнұсқалығы және оның таңбалау жүйесіндегі мәртебесі бойынша DariKz және Naqty Onim қосымшалары арқылы тексеруге болады.
Дәрілік заттарды тек оларды сатуға құқығы бар дәріханалардан және басқа да тиісті орындардан сатып алу ұсынылады.
‼️ Әлеуметтік желілер, хабарландырулар және белгісіз интернет-сайттар арқылы дәрі-дәрмек сатып алғанда аса сақ болған жөн.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға департаменттің жалпы қызметі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне және А.Байтұрсынұлының туған күніне орай ана тілінің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, Алаш арыстарының мұраларын насихаттау мақсатында «Тіл – тірегім» тақырыбында шара өтті.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілері А.Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, өздерінің поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.
#ана тілі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 22.09.2026ж.«Ашық есік күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Департамент мекенжайы:
Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77
Білікті маман-қоғам сұранысы
Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Бұл бағытта өз білімін үнемі жетілдіріп, өмірлік тәжірибесін ел игілігіне арнап келе жатқан білікті мамандар аз емес. Солардың бірі – мемлекеттік қызмет саласында 15 жылдан астам табанды еңбек етіп келе жатқан Әсел Берденова.
Әсел Мақсотқызы 2007 жылы ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысы көлік прокуратурасында жетекші маман қызметінен бастады.
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің штаттан тыс заңгер-кадр маманы болып жұмыс істеді. 2013 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы ақпанға дейін осы департаментте персоналды басқару жөніндегі бас маман-заңгер қызметін атқарды. Кейін аталған мекеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті болып қайта құрылды.
2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Әсел Мақсотқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Еңбек жолы барысында Әсел Мақсотқызы жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен бастамашылдығын, ұжымда ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, үйлесімді жұмыс ортасын құра білу қабілетін танытты. Ол өзінің ізгі ниетімен, әдептілігімен және сыпайылығымен ерекшеленеді. Кәсіби білімі мол, ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатысады.
Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Әсел Мақсотқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен, 2026 жылы Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Ол мемлекеттік қызметші ретінде ел алдындағы тікелей міндеттерін орындаумен қатар, жұмыстағы, отбасындағы, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа, адамдармен ортақ тіл таба білуде жеке бас үлгісін көрсетіп келеді.
Әсел Мақсотқызының еңбек жолы – адалдықтың, кәсібиліктің және елге қызмет етудің айқын үлгісі.
‼️Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте шетелдік дәрігерлердің консультациялар өткізуі туралы мәліметтер таратылуда.
Анықтама үшін: Жақында іnstagram әлеуметтік желісінде Шымкент, Тараз және Астана қалаларында орналасқан медициналық ұйымдардың базасында шетелдік мамандардың (Үндістан Республикасынан келген дәрігерлердің) консультациялар өткізуі туралы ақпарат орналастырылған.
Медициналық мамандарға, шетелдік мамандарды қоса алғанда клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында бірқатар талаптар көзделгенін атап өткен жөн.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шетелдік мамандар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы маманының тиісті сертификаты болған кезде және клиникалық практикаға жіберудің белгіленген тәртібі сақталған кезде ғана медициналық көмек көрсете алады.
Мұндай рұқсатты алу үшін шетелдік мамандар денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы) сәйкес Комитеттің аумақтық департаменттеріне білім туралы, еңбек және кәсіптік қызметін растайтын құжаттарды, кәсіптік даму құжаттарын және кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелерін растайтын құжаттарды ұсына отырып, өтініш жібереді.
Сонымен қатар, шетелдік мамандар сертификаттау кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік мамандарды қоспағанда, ЖАО-дан алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұсынуы тиіс.
Шетелдік мамандар кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін «Назарбаев Университетіне» немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттелген университеттік ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының базасындағы және резидентура базасындағы танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары медициналық колледждерге жіберілендерді қоспағанда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған шетелдік мамандар, тану қағидаларымен бекітілген білім және (немесе) біліктілігін тану туралы құжаттармен сертификаттауға жіберіледі.
Бұл талаптар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және медициналық көмектің сапасына кепілдік беруге бағытталған. Рұқсат құжаттары жоқ мамандарға жүгіну диагностика мен емдеудегі қателіктерге, сондай-ақ пациенттердің құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, медициналық ұйымдарға клиникалық практиканы (консультация, диагностика және емдеу жүргізу) жүзеге асыру үшін шетелдік медицина мамандарын шақырту барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын алдын ала қамтамасыз ету және қажетті рұқсат құжаттарының болуына назар аудару ұсынылады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов Tengri Health басылымына берген сұхбатында медициналық қызметтердің сапасын бақылау, заң бұзушылықтардың алдын алу және жүйені цифрландыру жұмыстары туралы айтып берді.
Материалда бақылау тәсілдерінің өзгеруі, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар сөз болды.
📌 Толығырақ материалда — https://tengrinews.kz/tengri-health/article/400-protsedurnyih-kabinetov-105-zakryityih-stomatologiy-4348/