Меню

Страницы

Статья

Медициналық қызметке лицензия беру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі, медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:

 

1) Медициналық қызметке лицензия беру;

2) Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;

3) Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру);

4) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан адамның биологиялық материалдарының, гемопоэтикалық дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің үлгілерін туыстық емес транспланттауды, жыныс жасушалары мен эмбриондарды жүргізу мақсатында осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру.

 

1) Медициналық қызметке лицензия беру "Медициналық қызметке лицензия беру "Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                   1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

"Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"www.egov.kz", "www.elіcense.kz" "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсетудің нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады:
1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-дан аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Құжаттар тізбесі

1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Стандартқа 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар/жоғын растайтын мәліметтер нысаны;
жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда); меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ-да мәліметтер болған жағдайда)куәландыратын растайтын құжат;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде;
осы Стандартқа 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаныңтелнұсқасын алу үшін:
осы Стандартқа 4-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 5-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғаның филиалының осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға сондай-ақ рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алды;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурсында көрсетілген kmfk@dsm.gov.kz.
4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2) Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру:

3) Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру).

 

Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
2-қосымша

      Нысан

"Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov. kz, www. eli cens e. kz)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші –демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алу үшін (алғаш мәлімделген мамандыққа немесе мамандандыруға) медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі -ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшасына (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымша нысанына сәйкес мәліметтер нысаны;
3) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі туралы диплом 2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушы (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
4) өтініш берілген мамандық бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада (бар болса) (жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626) (бұдан әрі – тану қағидалары);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігі бұйрығына (бұдан әрі – қосымша білім беру қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) сертификаттау сәтінде жалпы көлемде кемінде өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар, маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар үшін 8 (сегіз) кредит (240 сағат).
Медициналық білім беру ұйымын бітірген сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде маман сертификатын алмаған, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігін ұсынбайды;
7) қосымшасы бар сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт) (бар болса);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесін өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар, маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер маман ұсынады (оның ішінде шетелде медициналық білім алған адам үшін);
9) "электрондық үкімет" шлюзінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭҮШ) қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген кіші қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат ұсынады (болған жағдайда).
Қолданыстағы маман сертификаты болмаған кезде немесе мәлімденген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушы алғаш мәлімделген ретінде білімі мен дағдыларын бағалау нәтижесімен маман сертификатын алуға үміткер болады.
Көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы ҚР ДСМ-218/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен маманданулар тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен (бұдан әрі – мамандықтар тізімі)(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен маманданулар тізбесінде көрсетілген мамандықтар немесе мамандандыру бойынша маман сертификатын алады.
Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау үшін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, сертификаттау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) қосымша білім беру қағидаларына сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандану бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзіліссіз мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін жалпы көлемде кемінде 4 (төрт) кредитті (120 сағат) растау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде;
4) қосымшасы бар сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт) (бар болса);
5) ЭҮШ қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген кіші қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат ұсынады.
6) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
7) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада немесе қайта даярлау (болған жағдайда) (мәлімделген мамандық бойынша 2021 жылға дейін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар қайта даярлау туралы куәлігін алған жағдайда);
8) қолда бар мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының көшірмесі (мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамдылық мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын жарамсыз сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
9) тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімі туралы тану туралы құжат.
Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыда қолданыстағы маман сертификатының болуын (қолданылу мерзімі, мамандығы) сервистен тексереді.
Сервистен алынған деректер сәйкес келген жағдайда, қолданыстағы маман сертификаты сертификаттау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша 5 (бес) жылға маман сертификатын берумен расталады.
Еңбек өтілі 3 (үш) жылдан кем және (немесе) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамсыз, мерзімі 3 (үш) жылдан кем маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша бұрын алынған маман сертификатын растаған кезде бағалау мен дағдылар нәтижесін ұсынбайды.
2014 жылға дейін "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарын бітірген, мәлімделген мамандық бойынша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, көрсетілетін қызметті алушылар интернатура, резидентура, клиникалық ординатура мамандығы сәйкес келмеген кезде Мамандықтар мен мамандандыру тізбесінде көзделген медициналық мамандықтар бойынша сертификат алуға көрсетілетін қызметті алушы сағат бойынша оқыту ұзақтығын көрсете отырып, мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды (жұмыс істейтін мамандар үшін) ұсынады.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін мәлімделген мамандық бойынша медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке кіріскен және өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлаудан өту еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталатын құжаттарды тапсыру сәтінде үздіксіз жұмыс өтілі бар көрсетілетін қызметті алушыларға талап етілмейді.
"Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша 1998 жылдан кейін және 2006 жылдан кейін "Шығыс медицинасы" және "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 21-бабы 5-тармағына (бұдан әрі – "Білім туралы" заңы) сәйкес интернатураны бітіргені туралы құжат ұсыну клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
2013 жылдан кейін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, мамандықтар тізбесінде көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға көрсетілетін қызметті алушы "Білім туралы" заңының 22-бабы 3-тармағына сәйкес резидентураны бітіргені туралы құжатты ұсынады.
Орта техникалық және кәсіптік білімі, орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін оқуды бітірген жылын ескере отырып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша - "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалавриат және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Емдеу ісі" мамандығы бойынша – "Емдеу ісі", "Акушерлік іс" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылдағы сертификаттау курсы (2021 жылға дейін қайта даярлау) және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Акушерлік іс" мамандығы бойынша – "Акушерлік іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылғы сертификаттау курсы (2021 жылға дейін қайта даярлау) және "Акушерлік іс" мамандықтары бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат;
2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша – "Зертханалық диагностика", "Акушерлік іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білім туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білім туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылғы сертификаттық курс (2021 жылға дейін қайта даярлау) немесе "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін медициналық қызметке кіріскен және құжаттарды тапсыру сәтінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушерлік іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер" "Зертханашы", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақта көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңының 1-бабы 7-тармағына сәйкес электрондық көшірмелер түрінде береді.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасының электрондық нұсқасы қосымша ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
2015 жылдың 9 қазанына дейін мамандарға берілген мерзімсіз сертификаттар әр 5 жыл сайын біліктілікті арттырудан өту кезінде тұрақты қолданылады.
Маман сертификатының қолданылу мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттың көшірмесін (сервисте болмаған немесе мәртебесі жарамсыз болған жағдайда) ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің серттификаттау қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің kmfk@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан адамның биологиялық материалдарының, гемопоэтикалық дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің үлгілерін туыстық емес транспланттауды, жыныс жасушалары мен эмбриондарды жүргізу мақсатында осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру.

 

 

Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларына

2-қосымша

 

«Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

(құжаттарды тіркеу және қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

 

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) берунемесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
1)өтініш;
2) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушалары, сүйек кемігі, донорлық лимфоциттер үлгілерінің биологиялық қауіпсіздігіне зерттеу нәтижелерінің электрондық көшірмесі.

2. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:

1) өтініш;

3.  Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру үшін:

1)                өтініш;

2) ғылыми қызметпен айналысуды растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

 

 

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі болады.
 2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның www.gov.egov.kz интернет-ресурсындакөрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8- 800- 080-7777.

 

 

 

 

Дата публикации
17 февраля 2023
Дата обновления
17 февраля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 февраля 2023
Медициналық қызметті бақылау
17 февраля 2023
Фармацевтикалық қызметті бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы