Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің департаменттері
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (тізім бойынша)
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер
Медициналық ұйымдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) 2025 жылғы 9 желтоқсандағы ДДҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық қадағалау және мониторинг жүйесі Руанда, Болгария мен Түркияда «SIMULECT (МНН: базиликсимаб)», Novartis Pharma Stein AG өндірушісі, № SFYD2 сериясы, жарамдылық мерзімі 04/2027 сатылған жалған дәрілік препарат партиясы туралы хабарламалар тіркелді. Бұрмаланған дәрілік препараттың қаптамасында ұлттық NDC 0078-0331-84 коды көрсетілген. АҚШ-та айналымдағы дәрілік заттарды бірегей сәйкестендіретін ұлттық препарат (NDC) коды болып табылады; қаптамада SIMULECT нақты препараттың қаптамасымен салыстырғанда басқа да сәйкессіздіктер бар. Құрамындағы белсенді фармацевтік заттың дозасының өлшем бірлігі (миллиграмм) нағыз препараттың қаптамасында «mg» деп көрсетілген, ал жалған препараттың қаптамасында «MG» белгісі қолданылады. Нағыз препараттың қаптамасында өндіруші ел «Product of France» [«Францияда жасалған»] деп көрсетілген, ал жалған препараттың қаптамасында «Product of Switzerland or France» [«Швейцарияда немесе Францияда жасалған»] деп көрсетілген. Осыған байланысты Комитеттің аумақтық бөлімшелері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі - субъектілер) хабарлауы қажет. Субъектілерге, медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар серияларының (партияларының) келіп түюін және бар екенін тексеру жүргізу және нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлау қажет. Аумақтық бөлімшелер жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы Комитетке 2025 жылғы 18 желтоқсанға дейін хабарлауы қажет.
Төраға Б. Жүсіпов
Орынд.: Ж.Бексұлтанов Тел.: 74-27-46 |
|||||||||||