№ 540-НҚ от 08.12.2025

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ»

республикалық мемлекеттік мекемесі

 

республиканское

государственное учреждение

«КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

МИНИСТЕРСТВА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

 

БҰЙРЫҚ

 

 

ПРИКАЗ

 

______________________________________

 

 

№_____________________

 

 

 

Дәрілік заттардың тіркеу

куәліктерін кері қайтарып алу туралы

 

 

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылып алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Национальный научный центр Фармаконадзора» автономды коммерциялық емес ұйымының 2025 жылғы 21 қарашадағы №10692 хаты

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                              Б.  Жүсіпов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төраға

2025 жылғы ___ желтоқсандағы

№ _____ бұйрығына қосымша

 

 

 

Кері қайтарып алуға жататын дәрілік

заттардың тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Тіркеу куәлігін ұстаушы, мемлекет

ҚР-ДЗ-5№023719

15.04.2024

Анеста-А, сыртқа қолдануға арналған крем

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

ҚР-ДЗ-5№024184

18.02.2025

Анима-А, сыртқа қолдануға арналған крем

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

ҚР-ДЗ-5№025055

11.06.2021

Варфалан, таблеткалар 2,5мг

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

ҚР-ДЗ-5№022879

21.11.2022

Ранокардум®, босап шығуы ұзаққа созылатын, үлбірлі қабықпен

қапталған таблеткалар 1000 мг

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

ҚР-ДЗ-5№022880

21.11.2022

Ранокардум®, босап шығуы ұзаққа созылатын, үлбірлі қабықпен

қапталған таблеткалар 750 мг

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

ҚР-ДЗ-5№022881

21.11.2022

Ранокардум®, босап шығуы ұзаққа созылатын, үлбірлі қабықпен

қапталған таблеткалар 500 мг

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

ҚР-ДЗ-5№023303

16.05.2023

Респанол, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 150 мг

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

ҚР-ДЗ-5№023304

16.05.2023

Респанол, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50мг

«Аргументум» ЖШҚ

Ресей

 

 

 

 

 

Согласовано

05.12.2025 19:39 Мәлік Перизат Мұхтарқызы

05.12.2025 20:29 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

08.12.2025 10:38 Мукатаева Жанна Адильхановна

Подписано

08.12.2025 14:55 Джусипов Бауыржан Алишерович

 
     
     
Письмо МУ
Дата публикации
12 декабря 2025