№ 482-НҚ от 30.10.2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ
БҰЙРЫҚ
ПРИКАЗ
№
Астана қаласы город Астана
Дәрілік заттардың тіркеу
куәліктерін кері қайтарып алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Софарма Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы №801 өтініші.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төраға
2025 жылғы ___ тамыздағы
№ _____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға жататын дәрілік
заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
ҚР-ДЗ-5№010820 |
19.01.2018 |
Нивалин®, таблеткалар, 5 мг |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№011158 |
30.01.2018 |
Нивалин®, инъекцияға арналған ерітінді, 2,5 мг/мл |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№011159 |
23.01.2018 |
Нивалин®, инъекцияға арналған ерітінді, 5 мг/мл |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№011160 |
23.01.2018 |
Нивалин®, инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/мл |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№024235 |
31.12.2024 |
Дефламол®, жақпамай, 350 ХБ/400 ХБ/г |
«АО СОФАРМА» Болгария |
Согласовано
28.10.2025 10:50 Кусаинов Саят Нурланович
28.10.2025 21:02 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы
30.10.2025 11:34 Мукатаева Жанна Адильхановна
Подписано
30.10.2025 15:30 Джусипов Бауыржан Алишерович