№ 469-НҚ от 22.10.2025

№ 469-НҚ от 22.10.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

 

 

 

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының 8) мен 9) тармақшаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және
    11-тармақтарына сәйкес дәрілік заттарға берілген сәйкестік сертификаттары тоқтата тұрылсын.
  4. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының 2025 жылғы 20 қазандағы № -0/59866-вн қызметтік жазбасы және Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 10 қазандағы
№ 44-08-1713/И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасынының

міндетін атқарушы                                                   Н. Айманов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті міндетін

атқарушысының 2025 жылғы _

 ___ қазандағы № _____

бұйрығына қосымша

 

Тоқтатыла тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

1

ҚР-ДЗ-5№022898

Доцетаксел-Келун-Казфарм, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 160 мг/8 мл

Kelun-Kazpharm (Келун-Казфарм)» ЖШС, Қазақстан

2

ҚР-ДЗ-5№022895

Доцетаксел-Келун-Казфарм, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 120 мг/6 мл

Kelun-Kazpharm (Келун-Казфарм)» ЖШС, Қазақстан

3

ҚР-ДЗ-3№021327

ЦипроКаз, инфузияға арналған ерітінді, 0,2%

Kelun-Kazpharm (Келун-Казфарм)» ЖШС, Қазақстан

4

ҚР-ДЗ-3№021341

ЛевоКаз, инфузияға арналған ерітінді, 5 мг/мл

Kelun-Kazpharm (Келун-Казфарм)» ЖШС, Қазақстан

 

 

Согласовано

21.10.2025 11:59 Кусаинов Саят Нурланович

21.10.2025 17:55 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

21.10.2025 18:44 Мукатаева Жанна Адильхановна

21.10.2025 19:09 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

Подписано

21.10.2025 20:18 Айманов Нурлан Багдаулетович ((и.о Джусипов Б.А.))

Дата публикации
23 октября 2025