ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
КОМИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО
ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО
И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО
КОНТРОЛЯ
010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 10,
БЦ «Kazyna Towers» тел: +7 (7172) 74-27-68 e-mail:
kmfk@dsm.gov.kz
010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 10,
БЦ «Kazyna Towers» тел.: +7 (7172) 74-27-68
e-mail: kmfk@dsm.gov.kz
Исх. No -25/3349-И от 15.10.2025, Вход No 1268 от 15.10.2025
___________________No________
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Медициналық
және фармацевтикалық бақылау
Комитеттің
(тізім бойынша)
департаменттері
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары
(тізім бойынша)
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы
субъектілер
Медициналық ұйымдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) 2025 жылғы 13 қазандағы No 5/2025 ақпаратын қарап, мынаны хабарлайды.
ДДҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық қадағалау және мониторинг жүйесі Үндістанда сапасыз (лаулаған) дәрілік заттар туралы үш партияларын туралы хабарламалар тіркелді:
1. «COLDRIF (содержит парацетамол, фенилэфрин, хлорфенирамин малеат, фенилэфрин, цитрат натрия)», Sresan Pharmaceutical manufacturer өндірушісі, No SR-13 сериясы, жарамдылық мерзімі 04/2027 (Қазақстан Республикасында тіркелмеген);
2. «Respifresh TR (бромгексин гидрохлорид, тербуталин сульфат, гвайфенезин, ментол)», Rednex Pharmaceutical Pvt Ltd. өндірушісі, No R01GL2523 сериясы, жарамдылық мерзімі 12/2026 (Қазақстан Республикасында тіркелмеген);
3. «ReLife (амброксол гидрохлорид, гвайфенезин, тербуталин сульфат, ментол)», Shape Pharma Pvt. Ltd. өндірушісі, No LSL25160 сериясы, жарамдылық мерзімі 12/2026 (Қазақстан Республикасында тіркелмеген).
Аталған дәрілік заттар сұйық пероральді дәрілік заттар болып табылады және суық тию, грипп немесе жөтел симптомдарын жеңілдету үшін әдетте қолданылатын белсенді ингредиенттерді қамтиды.
Бұл ластанған өнімдер пациенттер үшін маңызды қауіп төндіреді және өмірге қауіпті ауыр ауруларды тудыруы мүмкін. Диэтиленгликоль адамға қолданғанда уытты және өлімге әкелуі мүмкін. Ластанған сұйық пероральді дәрілік заттар қауіпсіз емес және, әсіресе балаларда қолдану салдарынан ауыр жарақаттарға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Уытты әсерлерге іш ауруы, құсу, диарея, зәр шығарудың тоқтауы, бас ауруы, сананың өзгеруі және бүйректердің жедел зақымдануы жатады, бұл өлімге әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Комитеттің аумақтық бөлімшелері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі - субъектілер) хабарлауы қажет. Субъектілерге, медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар серияларының (партияларының) келіп түюін және бар екенін тексеру жүргізу және нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлау қажет.
Аумақтық бөлімшелер жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы Комитетке 2025 жылғы 24 қазанға дейін хабарлауы қажет.
Төраға Б. Жүсіпов
Орынд.: Ж.Бексұлтанов Тел.: 74-27-46